RU

Сиднейлік студенттер шаруаларға көмектесу үшін суретке жалаңаш түсті (фото)

Сидней университетінің мал дәрігерлік мамандықта оқып жатқан студенттері жыл сайын шығатын күнтізбеге қайырымдылық үшін жалаңаш түскен. Яғни, одан түскен қаржыны көмекке мұқтаж фермерлерге бермек.

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды деп жазады Stan.kz.

Олар фототүсірілімге еш киімсіз түскен. Түсірілім екі аптаға жуық уақытқа созылды.

Олар осылай суретке түсу арқылы соңғы жылдары болып жүрген қуаңшылық мәселесін көтергісі келген. Қуаңшылық салдарынан әлемде шаруа қожалықтары мен жануарлар зардап шегуде.

«Суретке тек сабақ арасындағы үзілістерде түсуге тура келді. Бұған 65 студент қатысуға ниет білдірді. Түсірілім өте қызықты әрі есте қаларлықтай болды. Ең алғаш суретке түсуге барғанымызда кім бірінші шешінер екен деп  бір-бірімізге қарап аңтарылып тұрып қалдық. Кейіннен үйренісіп, еркін жүре бердік», – дейді студент Мэтт Клифтон.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1000056-sidneylik-studentter-sharualargha-kom.html