RU

«Нұр Отан» партиясының хатшысы тағайындалды

Бүгін, 28 желтоқсанда Зауытбек Тұрысбеков «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков Қазақ химия-технологиялық институтын инженер-химик-технолог мамандығы бойынша тәмамдаған. Жоғары партия мектебін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор.

Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктің төрағасы, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің nөрағасы, Ішкі істер министрі қызметтерін атқарған.

Қазақстанның Өзбекстандағы, Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды.

Тағайындауға дейін З.Тұрысбеков Қазақстанның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін және Қазақстанның Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1000135-nur-otan-partiyasynynh-khatshysy-taghay-2.html