RU

Сауд Арабиясында тұтқындалған қазақ студенттері лаңкестік топ қатарына қосылмақ болған

Сауд Арабиясында тұтқындалған отандастарымызға қатысты жаңа дерек шықты. Лаңкестік ұйымға қосылмақ болды деген күдікпен ұсталғандар студенттер болып шықты.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Қолына кісен салынған 3 жігіт Медине қаласындағы Ислам университетінде оқиды. Діни білім аламын деп дауға қалған жерлестеріміздің ісімен Сауд Арабиясындағы елшілік айналысып жатыр.

Ал бұған дейін Арабияның ақпарат құралдары, 5 Қазақстан азаматының ұсталғанын жарыса жазған. Бір анығы – қазақ студенттеріне радикалды лаңкестік топтардың қатарына қосылмақ болған деген айып тағылуда.

Қазір Сыртқы Істер министрлігі  студенттердің аты-жөнін нақтылап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1000275-saud-arabiyasynda-tutqyndalghan-qazaq.html