RU

96 жастағы әжей өзінен бес жас кіші "жігітке" тұрмысқа шықпақ

Ұлыбританияда 96 жастағы әжей өзінің 91 жастағы ғашығының үйлену туралы ұсынысын қабыл алды.

Олар үйлену тойын 2016 жылдың 16 қаңтар күні тойлауды ұйғарып отыр, деп жазады шетелдік БАҚ.

Билл Гриффитс пен Фло Маршелсей  10 жылдан бері бірге, бірақ үйлену туралы шешімді енді қабылдады. 91 жастағы күйеу жігіт қалыңдығына үйде шай ішіп отырып үйлену туралы ұсыныс жасаған.

Билл мен Флоның үйлену тойына келетін туыс-туғандары баршылық: екеуінікін қосқанда - 5 бала, 14 немере мен 7 шөбере.

96 жастағы қалыңдықтың айтуынша, үйлену тойын жасау ешқашан да кеш емес.  Бақытты жұп бір-бірін 30 жылдан астам уақыт таниды екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1000342-96-zhastaghy-azhey-ozinen-bes-zhas-kishi-zhigi.html