RU

Жанкүйерлер Елдос Сметовтің жары Мөлдір Әуелбековадан айнымайтынын байқады (фото)

Дзюдодан қазақтың тұңғыш әлем чемпионы Елдос Сметов жақында ғана шаңырақ көтеріп, Тараз қаласында дүркіретіп той өткізген болатын.

Сүйіктісі екеуінің той үстінде түскен суретін әлеуметтік желіде көрген жанкүйерлер Сметовтің жары жас әнші Мөлдір Әуелбековаға қатты ұқсайтынын байқаған. Тіпті кейбірі Мөлдір Әуелбекова екен деп шатыстырып алған көрінеді.

Айта кетейік, спортшының қуанышын бөлісу үшін тойға танымал тұлғалар, ел ағалары Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабековтер келіп, ақ батасын берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1000377-zhankuyerler-eldos-smetovtinh-zhary-mol.html