RU

Жаңа жылдан бастап еліміздегі көлік бағасы күрт қымбаттайды

Келер жылдан бастап елімізде көлік бағасы 7 пайызға қымбаттайды.

Сарапшылар пікіріне сүйенсек, 2016 жылдан бастап тек Еуро-5 стандартына сай көліктер Қазақстанға кіретін болады. Ал Еуро-4- ке тыйым салынады.

Сонымен қатар, темір тұлпарды тек ресми дилерлер әкелетін болады.

Сарапшылар жасаған алдын-ала болжам бойынша келесі жылы 75 мың көлік сатылады. Оның 35 мыңға жуығы отандық құрастырушылардың еншісінде болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1000534-zhanha-zhyldan-bastap-elimizdegi-kolik-b.html