RU

Парақорлығы үшін сотталған ректор зейнеткерлікті желеу етіп қызметінен кетті

Алматыдағы  Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеттің ректоры жылы жұмыс орнын өз еркімен босататынын айтып, оқу орнының жеке сайтына жазба қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ректордың сөзінше ұзақ жылдар басқарған мекемеден бас тартуға  бірден-бір себеп зейнеткерлік жасы.

«Менің жасым 65-ке тақады. Зейнетақы алып жүргеніме 2 жыл болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дұрыс айтады:  мына қиын қыстау уақытта зейнеткерлер өз орындарын қайраты тасыған жас басшыларға босатып берулері тиіс» дейді Айқан Ақанов.

Ректор жазбасында өзі басшылық жасаған  8 жыл ішінде медициналық университетке қандай еңбек сіңіргенін есеп түрін де көрсеткен. Оның сөзінше осы уақыт аралығында  студентердің саны бір жарым есеге, ішкі бюджет 4 есеге және қызметкерлердің жалақысы 64 мың теңгеге өскен. Сондай-ақ бес жыл ішінде 4651 маман даярлап, соның 92 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылыпты. Ал, оқу сапасы мен білімі жағынан еліміздегі үздік бестікке ілінгенін де тілге тиек етеді.

«2008 жылы мені президент осы оқу орнын басқаруға жіберерде «бар тәжірибеңмен біліміңді салып, оқу ордасын көтеріңіз» деген тапсырма беріп еді. Мен шамамның келгенінше барлық жігерімді салдым деп ойлаймын» деген.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың қараша айында Айқан Ақанов қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталып, 4 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттелген болатын.

Сонымен қатар,  қызмет орнын босату мен 7 жылға дейін мемлекеттік қызметке жолаумау туралы да жаза кесілген. Құзырлы органнның мәліметінше экс ректор 2012 жылы құрлысы басталған студенттер жатаханасында қызметін пайдаланып, өрексел қате жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1000574-paraqorlyghy-ushin-sottalghan-rektor-ze.html