RU

Жылқы етін банан қорабына салып, Қытайға өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды

 «Қорғас» шекаралық бақылау жасағының «Жолаушылар» бөлімшесі елімізден Қытай аумағына қарай жаяу өтіп бара жатқан 35 жастағы қазақстандық азаматты ұстады.

Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Оның қол жүгін тексеру барысында 5 дана банан қораптарына салынған, жалпы салмағы 150 келі, ешқандай құжатсыз жылқы еті табылды. Жүк ветеринарлық қызмет өкілдеріне тапсырылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1000740-zhylqy-etin-banan-qorabyna-salyp-qytay.html