RU

Назарбаев парламентке жасалған жұмыстар үшін алғыс айтты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы жасалған жұмыс үшін паралмент сенаты мен мәжіліс депутаттарына алғыс айтты, деп хабарлады ҚазТАГ.

«Сыртқы нарықтағы жағымсыз жағдайларға қарамастан, Қазақстан экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтап қала алды. Бұған республика парламентінің жемісті заң шығармашылық жұмысы ықпал етті. Ағымдағы әлеуметтік-экономикалық шаралар үшін де, 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру үшін де құқықтық база жедел әрі сапалы әзірленді. Осыған байланысты барлық депутаттық корпусқа, сенат пен мәжіліс аппаратының қызметкерлеріне мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан үлестеріңіз, еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді», - деген Назарбаевтың құттықтауын сейсенбіде парламент палатасының біріккен отырысында парламент сенатының спикері Қасымжомарт Тоқаев оқып берді.

«Барлығыңызды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын, баршаңызға зор денсаулық, республикамыздың ары қарайғы дамуында кәсіби табыстар мен отбасылық игіліктер тілеймін», - делінген құттықтау мәтінінде.

Мемлекет басшысы, өтіп бара жатқан жылдың тарихи естеліктер, мемлекеттілік пен жалпы ұлттық бірлікті нығайту белгісімен өткенін атап өтті. Бұл ретте Ұлы жеңістің 70 жылдығы мен Конституциямыздың 20 жылдығы маңызды оқиғалардың бірі болып саналады.

«Біз Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын салтанатты түрде атап өттік. Инновациялық-инфрақұрылымдық дамуда маңызды жетістіктерге қол жеткіздік, мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінен бас тартқан жоқ. Қазақстандықтар ертеңгі күніне сенімді. ЕАЭО аясында экономикалық интеграция ары қарай нығая түсті, сондай-ақ біздің ел Дүниежүзілік сауда ұйымына енді», - делінген құттықтауда.

Нұрсұлтан Назарбаев осы жылы Қазақстанның дамуда алға жылжығынан еске салды.

«Президент сайлауы өтті, ол біздің қоғамның ұйымшылдығын, елді кешенді жаңғыртуда таңдалған бағыттың дұрыстығын растады», - деді Тоқаев құттықтауды оқу барысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1000973-nazarbaev-parlamentke-zhasalghan-zhumy.html