RU

Түсініксіз тілде рэп орындайтын МС Сайлаубек арақты қойып атышулы әншіге қалай айналды?

Атыраулық рэпер МС Сайлаубектің есімі қысқа уақыт ішінде елге жайылып, ғаламтор қолданушыларының назарын жаулап алды. Бүгінде хит тұлғаның түсініксіз тілін беріліп тыңдайтын өз жанкүйерлері бар.

Кеше ғана қарапайым өмір сүріп жүрген жігіт ағасы қазірде ел алдында өнер көрсететін жұлдызға айналып шыға келді.

Қайталанбас образымен жұртты өзіне қаратқан рэпердің "өнері" өтімді болған соң, МС Сайлаубекке продюсер де табылып, оның имиджін өзгертуге кірісті. Қазір ол нағыз шоу-бизнес өкіліне сай мәнерде киім киіп, қымбат көліктің тізгінін ұстаған.

Түсініксіз тілде ән шырқап тапқан алғашқы қаламақсын МС Сайлаубек анасының еміне жұмсапты. Продюсерлердің қатаң талабынан соң, рэпер арақты аузына алмайтын болған.

Бірақ Сайлаубектің танымалдылығы кейбіреулердің тақиясына тар келіп, қызғанышын тудырғаны жасырын емес. Тіпті кей отандастар рэп орындаушының шығармашылығын мазаққа теңеді. Оны сахнадан қуу керектігін айтып, дауласуда.

"Ринго" және "Аюми" тобының продюсері Алуа Қонарова да МС Сайлаубекті жақтырмайтынын және оның "өнерін" мойындамайтынын алға тартады.

"Оның мас күйінде рэп оқығанын көрген кезде, жағымсыз әсер қалдырғаны есімде. Ауру адамның масайрап отырғанына қарағың да келмейді екен. Жастардың мұны көтермелеп, түсініксіз тілде ыңылдап жүргені менің миыма қонбайтын нәрсе", - дейді Қонарова Yvision.kz порталына.

Ел арасында таныла бастаған МС Сайлаубекке сұлу бойжеткендер де назар аудара бастады.

Танымал рэпер тіпті жол тәртібін бұзып, арты өлімге апарған апатпен есімі елге белгілі Мақсат Үсеновтің құрбысын да өзіне қаратып үлгерді.

Тіпті ресейлік танымал рэпер Тимати де Сайлаубек жайында сөз қозғап, тартысқа шақырды. Қос жұлдыз Мәскеудің түнгі клубтарының бірінде баттл ұйымдастырды.

Сайлаубектің танымалдығы күн сайын артып, оны тіпті көрші Ресей және Қырғызстан елдері өнер көрсетуге шақыра бастады.

МС Сайлаубек кейбір адамдар үшін қомақты ақша жасайтын нағыз "брендке" айналды.

Танымал МС Дони Сайлаубекке кеңестерін беріп жүр.

Ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов  МС Сайлаубекті "Пусть говорят" хабарына шақырып, көрерменге кеңінен таныстырды.

МС Сайлаубек те Қайрат Нұртас секілді күннен қорғайтын көзілдірік тағуды сәнге айналдырды.

МС Сайлаубектің еркін стилі еріксіз езуге күлкі үйіреді.

Қазақстандық рэпердің кәсіби мамандардың көмегімен түсіріліген бейнебаяндары да бар.

МС Сайлаубек жайында телеарна жүргізушілері арнайы репортаж жасайды.

Отандық рэп орындаушысы ресейлік ток-шоулардың аты шулы кейіпкеріне де айналды.

Сайлаубек Gakku Дауысы концертінде сахнаға шығып, халықпен қауышты.

Енді хит-тұлға өмірден нағыз ләззат ала бастағандай.

Сайлаубек тіпті Қырғызстанның Бішкек қаласында жанкүйерлердің көңілін бірден тапты.

Түнгі клубтарда Сайлаубектің "әнін" тыңдау қалыпты құбылысқа айналды.

Сайлаубек жастарға тәлімін беруден да бас тартпайды.

Сұлу бойжеткенмен көңіл көтергенді ұнатады.

Әдемі арулардың рэпердің әнін қалай орындайтынын тамашалайды.

Тиматидің баттлға шақырғанына көңіл бөледі.

"Камызяки" әзілкештер тобының әзіліне ден қояды.

Әнші Сон Паскальмен бірге ән шырқайды.

Бір сөзбен, МС Сайлаубек қазақ эстрадасының феномен тұлғасына айналды. Оның ешкімнің қолдауынсыз өзінен "жұлдыз" жасаған бірегей жан екені де даусыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1001128-esimi-elge-zhayylghan-ms-saylaubek-maqs.html