RU

Астана боранына желі пайдаланушылары таңдай қақты (фото, видео)

Түтеп тұрған Астана бораны келген қонақтарды таңғалдыруда деп хабарлайды Қазақпарат.

Боранның салдарынан ондаған авиарейстер тоқтатылды немесе кейінге шегерілді. Екі ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылып, жол қозғалысы шектелді, қалалықтардың көшеде жүруі қиындаған. 2800 бірлік техника қар тазалаумен айналысуда.

Боран Астана қонақтарын да таңғалдыруда. Оның ішінде ресейлік әнші, актриса Вера Брежнева боранды күні сәтті қонған ұшақ ұшқыштарына мақтау айтты.

Кейінге қалдырылған авиарейстің жолаушылары әлеуметтік желіде бүгінгі боранның екпініне таңданыс білдіруде. Бүгін боранға орай қазақстандық жұлдыз мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің баспасөз мәслихаты кейінге қалдырылды.

«Мен әлі әуежайдамын. Астанаға барлық рейс тоқтатылды. Ал, уақытым қызықты өтуде. Астана ТК шағын репортаж түсірді. Балалармен фотосессия жасап үлгердім. Маған хабарласқыларыңыз келсе, жазыңыздар, араласайық!», - деп жазды Денис Тен Инстаграмға.

Синоптиктердің хабарлауынша, жел оңтүстік-батыстан, батыстан  9-14 м/с, ұйтқуы 15-20 м/с-қа дейін. Елордада ауа температурасы түнде және күндіз  - минус 5-7°С.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1001178-astana-boranyna-zheli-paydalanushylar.html