RU

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі «Қазатомөнеркәсіптің» басқарушы директоры болды

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқарушы директоры болып Арман Жетпісбай тағайындалды. Бұл туралы Vласть-қа сілтеме жасап Отырар арнасы хабарлайды.

Қазір Арман Жетпісбай өзінің жұмысына бірден кірісіп кеткен.

44 жастағы басшы бұған дейін бірнеше саланы басқарып, біліктілігін байқатқан. Қазақ химия-технологиялық университеті мен Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің түлегі. Жекеменшік бизнес салаларында, «Қазкоммерцбанкте» жұмыс істеді, «Оңтүстік» АЭА дирекциясының директоры, ОҚО әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

Ал 2008-2012 жылдары Шымкент қаласының әкімі болып қызмет еткен.

Айта кету керек, «Қазатомөнеркәсіп» – Қазақстанның ұлттық атом компаниясы. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының еншісінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1001335-shymkent-qalasynynh-eks-akimi-qazatom.html