Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік әйел 4 баласына тышқан уын беріп өлтірмек болды

Опубликовано:

Ресейдің Свердлов облысының дәрігерлері тышқан уымен уланған 8 жасар баланың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Русская планета-ға сілтеме жасап ras.kz жазады.

Балаға уды анасы әлдеқандай бір аурудан емдеген болып беріп келген. Болған оқиға жайы 27 желтоқсан күні облыстық ішкі істер министрлігі мемлекеттік басқармасының сайтында жарияланды.

Бастапқыда әйелге өз ұлының денсаулығына абайсыздықтан ауыр зардап келтірген деген күдік келтірілді.

«Әдепкіде әйел полицейлерге түсінік берген кезінде жалған сөйледі, бірақ бұлтартпайтын айғақтар алға тартылғанда, шегінетін жер таппай, ұлын осындай жолмен өлтірмек болғанын мойындады», – делінген баспасөз парақшасында.

Баланың бақытына орай, оның организмінде удың бар екенін аурухана дәрігерлері тез аңғарған. Сосын дәрігерлер бірден одан анализ алып, уланып қалғанын анықтады. Содан кейін анықталған деректі полицияға жеткізді.

«Ішкі істер органдары қызметкерлері баланы өлтіруге талпыныс болғанына тез көз жеткізді», – делінген хабарламада.

Қазір бала ауруханада жатыр, дәрігерлер оған қолдан келген көмектің бәрін жасауда. Ал күдікті қамауға алынды.

РИА «Новости» жағдайды Ресей бала құқығы жөніндегі өкілі Павел Астаховтың айрықша бақылауға алғанын хабарлады. Омбудсмен баспасөз қызметі бұл жердегі әңгіме әйелдің төрт баласын осылай өлтірмек болғаны, оның бірінші баласының осылай аурухана түсіп қалғаны турасында болып отырғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1001453-reseylik-ayel-4-balasyna-tyshqan-uyn-ber/

pixel