RU

Танымал көріпкел қазақстандықтарға дағдарыстан қалай өту керектігін айтты

Танымал көріпкел, халықаралық экстрасенстер байқауының финалисі Виктор Александровский 2016 жылға болжам жасады. Көріпкелдің айтуынша, санаулы күннен соң босағадан аттайтын жаңа жылда доллар 430 теңгеге дейін көтеріліп, табиғи апаттар мен көптеген жарақаттар орын алуы мүмкін. NUR.KZ порталына сұхбат берген ол келесі жылы дағдарыстан қалай өту керектігін түсіндіруге тырысты.

"Мен доллар курсының үш жүзден асып кететінін болжағанмын. 2016 жылы доллар одан әрі көтеріле түседі. Сондықтан,  доллар тарапынан бізді қуанышты хабар күтпейді. Келесі жыл қаржылық тұрғыдан өте ауыр болады. Көптеген компаниялар нарықтан кетіп, банктер жабылады. Мұның бәрі дағдарыстың салдары", - дейді көріпкел.

Александровский доллар курсының 400-ден асатынын, шамамен 1 доллар 420-430 теңге тұратынын болжады.

Әрине, доллар бағамы кейде өсіп, кейде төмендеп тұрады. Бірақ, доллардың  көтеріле беретіні айдан анық. Виктордың айтуынша, дағдарыс әлі бірнеше жылға жалғасады. Шамамен 7 жылға созылуы мүмкін дағдарыс өткен жылдың ақпанында болған девальвация кезінде басталған. Экономиканың шектен тыс құлдыратын кезі келесі жылдың орта тұсына келеді деп болжануда.

Сонымен қатар, азық-түлік пен бензин бағасы да Жаңа жылдан соң көтеріледі  деп күтілуде.

"Барлығы қымбаттайды, біз 90 жылдардың деңгейіне бара жатырмыз. Мұны нақты түсіну керек. Бірақ 90 жылдары азық-түлік тапшы болатын, адамдар мүмкіндігіне қарай жұмыс істеді. Ал қазір барлығы бар", - дейді Виктор.

Александровский мемлекетте барлығы тыныш болатынын айтады. Алайда, 2016 жылы діни мәселелер көбейе түспек. Бірақ, Қазақстанда діни тұрғыдан айтарлықтай қиындық болмайды.

Ал көріпкелдің айтуынша, үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу қаупі 2017 жылға сай келіп отыр. Александровский 2016 жылға қарағанда 2017 жылың ауыр болатынын болжайды.

Барлық қиындықтарға қарамастан, қазақстандықтарға денсаулығын күткен жөн.

Келесі жылы балалар арасында окнологиялық аурулар ушығуы мүмкін. Өйткені, мешін жылына жарақат пен апаттар көп болады.

2016 жылы елде табиғи апаттар мен энергетикаға қатысты қиындықтар көбеюі мүмкін. Техногенді апаттар мен газ және электрге қатысты қиындықтар туындайды. Қазақстаға Ресей мен Белоруссиядан келетін халық саны көбейеді.

Алматыда 2-3 рет жер сілкінісі орын алуы мүмкін. Алайда, көріпкелдің айтуынша жер сілкінісінен қорқудың қажеті жоқ. Одан бөлек, сел жүру секілді апаттар болмайды деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1001778-tanymal-koripkel-qazaqstandyqtargha.html