RU

Ғалымдар: Дұрыс тамақтанбаған ер адамнан дені сау бала туылмайды

Дания ғалымдары қызық қорытындыға келді. Олардың айтуынша, ер адамның тамақтану дағдысы оның болашақта туылатын баласының денсаулығына және түр-келбетіне әсер етеді екен.

Копенгаген Университетінің қызметкерлері тәжірибе барысында эпигенетика – «ерте тұқым қуалаушылықтың» да маңызды роль атқаратынын анықтады. Сынаққа қатысқан екі топтағы ерлердің жыныс жасушалары салыстырылып, әке болар алдында дұрыс тамақтанбаған ер адамнан дені сау бала туылмайтыны белгілі болды.

Мысалы, күнделікті фаст-фуд жеген адамның «биологиялық материалы» бұзылады екен. Ақыры мұның салдарынан тек әкесі семіздікке шалдығып ғана қоймай, ұрпағының денсаулығына кері әсер етеді.

Бірақ, әке болуды енді ғана ойластырып жүрген ерлер оған дейін тамақтану дағдысын өзгертсе, өмірге дені сау ұрпақ келтіруге болатын көрінеді, деп жазады 24.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1001799-ghalymdar-er-adamnynh-tamaqtanu-daghdys.html