RU

Путин 5 жасар қыз балаға өзінің фотосын сыйлады

Ресей президенті Владимир Путин Томск облысындағы "Аэропорт" ауылында тұратын 5 жасар Милана Михееваға өзінің фотосы мен Ресей туын сыйға тартты.

Бұл туралы flashsiberia.com-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Сыйлықтарды балақайға аймақтың губернаторы Сергей Жвачкин табыстады.

Қыз баланың анасы президентке қызының айтуы бойынша хат жазғанын алға тартты. Онда балақай мемлекет басшысымен жеке кездесіп, одан сыйлыққа қуыршақ пен Ресей туын алуды сұраған.

Жвачкин Путиннің атынан кездесе алмағаны үшін кешірім сұрайтынын жеткізіп, оған жақтаумен қоршалған Путиннің фотосы мен Ресей туын және ойыншық маймылды сыйға тартады.

Бұған дейін петербургтік билік өкілдері мүгедекке 500 рубльге баратын сыйлық ұсынғанын, оның ішінде шашқа арналған көбік, сарымсақтан жасалған соус және шай болғаны хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1002157-putin-5-zhasar-qyz-balagha-ozininh-fotosyn.html