ОҚО-да Аяз ата мультфильм көргісі келетін оқушының арманын орындады (фото)
Опубликовано:
Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шардара ауданында тосын оқиға орын алды. Аудан тұрғыны, 2 сынып оқушысы Нышанбай Құлман «Аяз Атаға тілек» айдарына хабарласып, өз тілегін жеткізіпті.
«...Шардара мектеп-лицейінде 2-сыныпта жақсы оқимын. Жанұямызда анам Айгүл, інім Мирас және мен тұрамыз. Үйіміз жоқ, ескі балабақша ғимаратында тұрамыз. Менің арман-тілектерім өте көөп...Алла бұйыртса, мектепті бітіріп, жұмыс істеп, көп ақша тауып, анам мен ініме үлкен үй салып беремін...» - деген мектеп оқушысы Нышанбай Аяз Атадан «OTAU-TV» қондырғысын сұрап, «Балапан» арнасын көргісі келетінін айтқан.
Кішкентай балғынның бұл тілегі аудандағы қайырымды азаматтарды бей-жай қалдырмаған. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы бүлдіршінге «OTAU-TV» қондырғысын сатып алып, кішкентай балғынның көңілін көтеру мақсатында сыйлықты Аяз Атаның қолымен табыс етуді ұйымдастырған.
Одан бөлек жаңа жыл мерекесіне орай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атынан азық-түлік салынған себет тапсырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1002161-oqo-da-ayaz-ata-multfilm-korgisi-kele/