RU

Көкшетауда жұмыстан шаршаған диджей көлігін қайда қойғанын ұмытып қалды

Көкшетауда жұмыстан шаршап, шалдыққан түнгі клубтың диджейі (ән қоюшы) көлігін қайда қойғанын ұмытып, полицияға ұрланды деп арызданған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29-шы желтоқсан күні Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне облыс орталығындағы түнгі клубтардың бірінің диджейі, 24 жастағы жігіт хабарласып, Әуелбеков көшесінің бойында қалдырып кеткен «ВАЗ-21083» көлігінің жоғалғаны жөнінде арыз берген.

Осыған орай, полицейлер жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, көліктің түнгі клуб автотұрағында тұрғанын анықтаған.

Кейін белгілі болғандай, көлік иесі Жаңа жыл қарсаңында мерекелік шаралардың тығыз кестесіне байланысты өзінің астындағы темір тұлпарын қайда қойған ұмытып қалған-мыс. Нәтижесінде, ол полицияға жазған арызын кейін қайтарып алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1002362-kokshetauda-zhumystan-sharshaghan-didzhey.html