RU

ОҚО-да такси жүргізушісі жолаушының 1000 долларын тартып алды

ОҚО-да тәртіп сақшылары жолаушының 1000 долларын тонады деген күдікпен 28-жастағы такси жүргізушісін қолға түсірді.

2015 жылдың желтоқсан айында Сарыағаш АІІБ-не 35-жастағы Өзбекстанның азаматы тонау дерегі бойынша шағымданған. Жәбірленуші полицейлерге, Сарыағаш қаласында жолдың бойында оны такси жүргізушісі маркасы «Дэу -Джентра» автокөлігімен жеткізіп салмақ болған.

Содан жолда такси жүргізушісі жәбірленушіге физикалық күш қолданып, қорқытып, 1000 АҚШ доллары мен «Самсунг» маркалы ұялы телефонын тартып алғанын мәлімдеген.

Аталған жайт сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 191-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сарыағаш АІІБ-ның қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, полицейлер 1987 жылы туылған Сарыағаш қаласының тұрғынын күдікті ретінде құрықтады. Күдікті істеген ісін мойындап отыр.

Айғақ зат ретінде полицейлер күдіктіден ұрланған заттарды және автокөлікті тәркіледі. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1002491-oqo-da-taksi-zhurgizushisi-zholaushynynh-1000.html