RU

Үш баланы өрттен құтқарған ШҚО тұрғындары ерлігі үшін марапатталды

ШҚО-ның Риддер қаласында үш баланы өрттен құтқарған И.С. Баланин мен К.А. Соловьевке «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгілерн табыстау рәсімі болып өтті деп хабарлайды inform.kz ТЖ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі тұрғын осы жылдың 23 маусымында таңертең жұмысқа бара жатып, балалардың айқайлаған дауысын естіп, жекеменшік үйдің дәлізі өртеніп жатқанын, ал терезеден естері шығып жүгірген балаларды көреді.

Ер адамдар дереу терезені сындырып ішке кіріп, екі, үш және сегіз жасар үш баланы алып шығады.

Өрт шыққан кезде балалар үйде жалғыз еді. Баланин  мен Соловьев батыл әрі сенімді іс-қимылының арқасында ғана сол күні балалар аман қалды.

Балаларды құтқару кезіндегі ерліктері үшін ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.А. Ломыгин оларға төсбелгілерді табыстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1002906-ush-balany-ortten-qutqarghan-shqo-turghyn.html