RU

Мысықпен аяқ киімін сүрткен қазақстандық азамат британдық БАҚ-тың ашуын келтірді (видео)

Қазақстандық әлеуметтік желілердегі аяқ киімін мысықпен сүртіп жатқан жігіттің видеосын, тіпті Ұлыбритания тұрғындары көріп үлгерген. Шетелдік БАҚ жігіттің бұл әрекетіне қатты ызаланып, оны жануарды қорлады деп айыптауда. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан жігіт те, оны түсіріп тұрғандар да бұл әрекетінен еш әбестік көрмейтіні байқалады. Мысықтың бұл қорлауға сабырмен шыдаудан басқа амалы жоқ.

Ал британдық БАҚ болса, жігіттің қатыгездігіне жағасын ұстап, оны жануарларды қорлаушы деп айыптап отыр. Айта кетерлігі бұл жайт қай елде болып жатқаны және қашан болғаны белгісіз. Жасыл шөптерге қарағанда, видео жылы мезгілде түсірілген.

Еске салсақ, видео желіде 10 күн бұрын жарияланған. Жігіттің қазақша сөйлеп тұруынан ғана бұл жайт Қазақстанда болды деп топшылауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1002980-mysyqpen-ayaq-kiimin-surtken-qazaqsta.html