Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көріпкел жұлдызнама бойынша зодиактың әрбір 12 белгісіне мешін жылы не күтіп тұрғанын айтып берді

Опубликовано:

Украиналық «Экстрасенстер сайысы» шоу-бағдарламасының 15-ші маусымының финалисі Юлия Кацман  Қазақстанды бұл жылы қандай жәйттер күтіп тұрғандығы және Зодиак шоқұлдыздарының орналасу ерекшеліктері жайында әңгімеледі.

Мен негізінен жорамалымды Есекқырған, яғни Күн жүйесінің бесінші ғаламшары - Юпитерге сүйеніп айтамын. Жалпы, Юпитер - үлкен бақыттың ғаламшары. Қазір ол Бикеш шоқжұлдызында орналасқан. Алдағы тамыз айында Таразы шоқжұлдызына ауысады. Сәйкесінше, қазір тамыз айына дейін барлық құрлықтық белгілер: бикештердің, тауешкілердің, торпақтардың жолы болады.

Негізі, есекқырған бикеште тұрған шақта кәсіпкерлікпен, жалпы қажырлы еңбекпен айналысатындарды сәттіліктер күтіп тұр. Өйткені, бикеш жалқауларды ұнатпайды. Ол медицинаны және инженерлік істі жарылқайды және бизнеске жауап береді. Сондықтан, осы салалардың өкілдерінің бағы жанып, жолдары болады. Есекқырған, яғни Юпитер Таразы шоқжұлдызына өткен соң, неке тойларын өткізе беруге болады. Астрологияда Таразы некеге жауап береді. Бұл тұрғыда аспандық белгілер: егіздердің, суқұйғыштардың және таразылардың ісі оңға басады.

Көптеген таразылар, мысалы 2016 жылдың алғашқы жартысында жаңа әсерге, ғашықтық сезімге бөленуі мүмкін. Ал қысқы айларда оларды өмірге перзент әкелу қуанышы күтіп тұр.

Суқұйғыштар үшін бұл жыл мейлінше сәтті және өнімді жыл болады.

Бикештер жұмыста және басқа да салаларда шамасы келмейтін жауапкершіліктен бойларын аулақ ұстағандары жөн. Одан да алдарына кішігірім болса да нақты мақсаттар қойған дұрыс. Олардың жүзеге асуына кепілдік мол.

Егер от белгілерінің тобына келер болсақ, олар үшін мынадай жағдай қалыптасып отыр: тоқтылардың тамыз айына дейін жолы болады және оларды осы жылдың алғашқы тоқсанында қаржы жағынан сәттіліктер күтіп тұр, кейін шаңырақ құруға да жол ашылады. Арыстандар тамыз айына дейін жақсы табыс таба алады, ал кейін оларды алыс жолдар күтіп тұр. Мергендерге тамыз айына дейін мансапқа жетуге, мансабын жоғарылатуға оңтайлы жағдай туындайды, ал кейін даңққа бөленіп, шаңырақ көтеруге мүмкіндік ашылады.

Ал су белгілеріне келсек, балықтарға тамыз айына дейін неке құруларына, ал кейін несие алуға немесе қаржы секторында жұмыс істеулеріне болады. Шаяндарға тамыз айынан кейін жылжымайтын мүлік сатып ала берулеріне болады. Бұл белгілердің өкілдері биыл өткен жылға қарағанда жиі іс-сапарға шығады, саяхат жасайды.

Сарышаяндар тамыз айына дейін өздерінің өмірлік жарын кездестіре алады, ал кейін тылсым әлемді зерттеулеріне немесе қайырымдылық шаралар ұйымдастыруларына болады.

Сонымен қатар танымал көріпкел алдағы уақытта Қазақстанды не күтіп тұрғанын да болжап тастады.

"Жұлдызнама бойынша Қазақстанның айы - Мерген. Өйткені тәуелсіздік күнін 16-шы желтоқсанда атап өтеміз ғой. Қазір Мерген шоқжұлдызында Қоңырқай, яғни Сатурн ғаламшары басымдыққа ие. Бұл шектеулік ғаламшары. Ол зодиактың әрбір белгісіне де 2,5 жыл тұрақтайды. Демек, ол Мерген шоқжұлдызынан кетпейінше, біздің елде уақытша қиындықтар болуы мүмкін. Қоңырқай ғаламшар Мерген белгісіне 2014 жылдың желтоқсан айында енген болатын. Енді тек 2017 жылдың маусымында шығады", - деп түйіндеді сөз Юлия Кацман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1003557-koripkel-zhuldyznama-boyynsha-zodiakt/

pixel