RU

Танымал тарихшы жыл сайын «Қазақ хандығының күнін» тойлатуды ұсынды

Танымал отандық тарихшы жыл сайын «Қазақ хандығының күнін» атап өтуді ұсынды. Ғалым «Қазақ хандығының күні» деген датаға лайық екі күнді атады деп хабарлайды inform.kz.

"Қазақ хандығының күні деген датаға екі күн лайықты секілді. Бірі - 2014 жылдың 11 қарашасы. Бұл күні президент ресми түрде өз жолдауында Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтетіндігін жария етті. Екінші, 2015 жылдың 11 қыркүйегі. Бұл күні президенттің қатысуымен Астанада 550 жылдыққа арнап салтанатты жиын болды", - дейді тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев.

Кәрібаев бұл атаулы күнді жыл сайын тойлату қажет деп санайды.

"2015 жылы елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жүзден аса ғылыми шаралардың өткені белгілі. Олардың бәрі ақпарат көздері арқылы қалың жұртшылыққа кең насихатталды. Қысқасы, жыл бойы халықтың мерейі үстем болды, рухы биікке самғады. Енді жыл сайын Қазақ хандығының күні деп бір уақытты нақты белгілеп, сол күні зиялы қауым, тарихшылар Қазақ хандығының тарихына қатысты көптеген мәселелерді ортаға салар еді", - деп жалғастырды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1003647-tanymal-tarikhshy-zhyl-sayyn-qazaq-khand.html