RU

Жаңа жыл түні Ақтау перзентханасында алып бала дүниеге келді

Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы перинатальды орталықта жаңа жыл түні 21 бала: 12 қыз, 9 ұл дүниеге келді деп хабарлайды inform.kz.

Дүниеге келген балалардың ішінде алып, батыр денелісі де бар. Оның салмағы 5 келі 5 грамм. Сондай-ақ, олардың арасында шала туғаны да бар. Бір шақалақтың салмағы - 1 келі, 800 грамм.

"Сағат 00:00-де бірінші, алғаш рет босанып отырған келіншектің толғағы қысты. 00:20 минутта салмағы 2 келі 850 грамм, бойы 50 см қыз бала дүниеге келді", - дейді орталық мамандары.

Жалпы, 2015 жылы орталықта 7 500 бала өмірге келді. Ал облыс бойынша, 19 мың бала дейді Маңғыстау облыстық перинатальді орталық директоры Жамал Жаманбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1003650-zhanha-zhyl-tuni-aqtau-perzentkhanasynda.html