RU

Қазақстанда темекінің құны қымбаттады

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап темекі қымбаттады. Бұдан былай оның ең төменгі бағасы 240 теңге болады деп хабарлады baq.kz.

Ал сұранысқа ие темекілер құны орта есеппен 350-480 теңгеге көтеріледі. Аталмыш өзгерістер 2016 жылдан бастап темекі бұйымдарына акциздердің 30 пайызға қымбаттауынан орын алуда.

Нақтырақ айтсақ, биыл акциздік мөлшерлеме шылымның 1000 талына 3900 теңгеден 5000 теңгеге өсетін болды. Парламент депутаттарының айтуынша, бұл шара темекі шеккіштердің есебінен қазына бюджетін толтырып қана қоймай, халықтың зиянды әдеттен арылуына да өз үлесін қосады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1003753-qazaqstanda-temekininh-quny-qymbatta.html