RU

Қазақстан шоу-бизнесінің өкілдері Жаңа жылды қалай қарсы алды? (фото, видео)

Көзді ашып-жұмғанша 2015 жыл зымырап өтіп, 2016 жыл есіктен кірді. Еліміздің абыройын шетелдерде асқақтатып, қазақ өнерінің дамуына өздерінің үлестерін қосып жүрген отандық жұлдыздар жаңа жылды қалай, кіммен қарсы алғанын Baq.kz назарға салды.

Әнші Луина сағат тілі он екіге алты минут қалғанда өзінің "инста-достарын" Жаңа жылдарымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Жуырда ғана Астана Аренада әлемдік шоу көрсеткен Қайрат Нұртас та барша қазақстандықтарды Жаңа жылдарымен құттықтады.

Ал Әли Оқапов болса, Жаңа жылды отбасымен қарсы алыпты. Ол өзінің инстаграм парақшасына "Әйтеуір үлгердім-ау үйіме! Жаңа жыл - отбасылық мереке! Ал біздің жанұямыз үшін қатарынан екі мереке! Өйткені бүгін Мәдидің туылған күні!", - деп қуанышымен бөлісті.

Кәмшат Жолдыбаева болса, мешін жылын сахнада қарсы алыпты. "Жаңа жылды @ttfashionkz сән үйінің әдемі көйлегімен сүйікті сахнамда қарсы алдым!", - деп бөліскен.

Жас ана Айдана Меденова 2016 жылды отбасымен қарсы алған. "31 желтоқсаннан түнінен кейін 5 күн тамақ әзірлемеуге де болады",- деп қалжыңдап та қойған.

Әнші, жүргізуші, актриса, жақында ғана келін атанған Аша Матай да Жаңа жылды отбасымен атап өтіпті.

Белгілі композитор Арман Дүйсенов те "Жаңа жылды қарсы алуға дайын сияқтымыз", - деп дастархан басынан бір селфи жолдапты.

Жанар Дұғалова да оқырмандарын жаңа жылдарымен құттықтап, "Жаңа жылдарыңызбен!!! Барлық армандар орындалсын!", - деп тілегін білдірген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1003833-qazaqstan-shou-biznesininh-okilderi-zha.html