RU

Гватемалада қабырғаны тесіп қашпақ болған 8 тұтқын қаза тапты

Гватемалада түрмелердің бірінде бүлік шықты. Бұған сегіз қылмыскердің түзету мекемесінен қашып шығу әрекетінің сәтсіз аяқталуы себеп болды деп хабарлайды 24.kz telesurtv.net-ке сілтеме жасап.

Пуэрто-Барриос қаласындағы шамадан тыс толған түрменің күзеті оның қабырғасын тесіп қашпақ болған тұтқындар әрекетінің жолын кескен.

Мұның соңы бүлікке ұласып, оның барысында тәртіпке бас имеген 8 адам мерт болды. Артынша түрме күзеті қылмыскерлер тесіп тұрып ойған қабырғаның суретін ғаламторда жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1003846-gvatemalada-qabyrghany-tesip-qashpaq-b.html