RU

Нью-Йоркте 9 мәрте «Грэмми» иегері Натали Коул өмірден озды

Нью-Йоркте 65 жасында әнші, әндердің авторы және актриса Натали Коул, белгілі америкалық музыканттың және джаз пианиношы Нэт "Кинг" Коулдың қызы өмірден озды деп хабарлады ҚазАқпарат РИА Новостиге сілтеме жасап.

Коул - "Грэмми" беделді музыкалық сыйлығына тоғыз рет ие болған. Ол сонымен бірге өзінің телеарна мен кинодағы мүмкіндіктерін сынап көрді.

Музыкалық мансабының басында Натали Коул R&B композицияларын орындады, кейін оның репертуарында поп-музыка мен джаз пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1003850-nyu-yorkte-9-marte-gremmi-iegeri-nata.html