RU

Ауғанстанда жанкешті мейрамхана алдында өзін жарып жіберді

Мерекеде қауіп-қатер күшейді. Ауғанстан астанасы Кабулдағы француздық үлгідегі мейрамханада жарылыс болды деп хабарлайды 24.kz.

Автокөлікке орнатылған жарылғышты жанкешті іске қосқан. Салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 15-ке жуығы түрлі деңгейде жарақат алды. Жергілікті ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, жарылыстан мейрамхана ғимараты отқа оранған.

Оқиға орнына құқық қорғау қызметкерлері мен жедел жәрдем көліктері келіп, зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетті. Шетелдік саяхатшылар мен жергілікті басшылар жиі бас сұғатын мейрамханаға жасалған лаңкестік әрекетті «Талибан» лаңкестік ұйымы жасағанын мойындады.

"Өте күшті жарылыс болды. Біздің үйдің терезелері қирап, қабырғалары зақымданған. Қастандық сол маңайдағы шетелдіктер орналасқан қонақүйлерге бағытталған болуы да мүмкін", - дейді жергілікті тұрғын Ахмад Парвиз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1003859-aughanstanda-zhankeshti-meyramkhana-ald.html