RU

Канадада 50 мың үйрек тірідей жанып кетті

Квебек провинциясындағы Расин қаласына таяу жерде ірі өрт орын алды.

Жергілікті ауыл шаруашылығы фермаларының бірінен өрт шықты, деп хабарлайды шетелдік БАҚ. Тілсіз жау салдарынан 50 мыңға жуық үйрек жанып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан 2 миллион долларға жуық залал келген. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Мамандар қасақана жасалуы мүмкін деген де болжам айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1003916-kanadada-50-mynh-uyrek-zhanyp-ketti.html