RU

Әкесінің айпадымен ойын ойнаған балақай 6 мың доллардан айырылып қалды

Ғаламтордағы әйгілі Jurassic World ойыны британдықтың қалтасын қақты. Отыз екі жастағы Мохаммед Шуга несиелік картасынан 4 мың фунт стерлингтің (айырбас бағамы бойынша шамамен 2 миллион теңге) қайда жұмсалғанын білмей ашу-ызаға булықты.

Сөйтсе, мұнша қомақты соманы оның iPad планшетінен ойын ойнаған ұлы жұмсап қойыпты. Жеті жасар Фейсал Jurassic World онлайн ойынында отырып, ойынға қажетті динозаврлардың түрлерін жаңарта берген. Қыза-қыза балақай бір сағатта 1,5 мың фунт (750 мың теңге) жұмсаған.

Сөйтіп, бес күн ішінде 65 рет сауда жасаған оқушы «жасыл» валютаға шаққанда 6 мың доллардан ұтылған. Әкесіне тиесілі айпадтың кодын қалай ашуды білген Фейсалдың онлайн төлем жасауды растау үшін қажетті Apple ID күрделі паролін қалай есте сақтап, тергені беймәлім.

Енді Apple компаниясы Мохаммед Шуганың ұлы жұмсап қойған ақшаны кері қайтару туралы арызын қарастыруда. Ал Apple сайтындағы ақпаратқа сәйкес, iOS желісінде жұмыс істейтін барлық гаджеттерде балалардың айпадқа кіруін шектейтін ата-ана бақылауына арналған құралдар бар. Сол себепті компания баланың әкесіне ақшасын қайтармауы мүмкін, деп жазады iphones.ru.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1003947-akesininh-aypadymen-oyyn-oynaghan-bala.html