RU

Путин украин тауарын Қазақстанға тасымалдауды реттейтін жарлыққа қол қойды

Владимир Путин Ресей аумағы арқылы Украинадан Қазақстанға жүк тасымалдауды реттейтін жарлыққа қол қойды деп хабарлайды tvrain.ru.

Енді Қазақстанға Украинадан жүк тасымалдау тек Белоруссия арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл халықаралық автожолдар мен теміржол тасымалына тікелей қатысты.

Жарлыққа сәйкес, тауар тиелген контейнерлер арнайы сәйкестендіру құралдарымен жабдықталып, жүктер түгел пломбаланған, ГЛОНАСС ғаламдық навигациялық бақылау жүйесіне қосылған көліктер арқылы ғана тасымалдануы керек.

Жүк тиелген көліктер Ресей аумағына енгенде және шығар кезде тексерілетін болады. Сонымен қатар, жүргізушілер Белоруссиядан Ресей аумағына кірер кезде арнайы талон алып, оны Ресейден шығар кезде тапсыруға міндеттеледі.

Жарлық 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1003958-qazaqstangha-ukrainadan-zhuk-tasymald.html