RU

Танымал ресейлік блогер "Алма-ата" атауынан бас тартпайтынын мәлімдеді

Танымал ресейлік блогер Артемий Лебедев Алматыны «Алма-ата» деп атау керектігін ескертті.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жариялаған.

Лебедев белорусь сөздерінің жазылуына қатысты пікірін білдіреді. Блогер өз жазбасында белорусь тілінің әдемі әрі әуезді екеніне шек келтірмейтінін, бірақ кейбір сөздердің жазылуы тым күлкілі екенін жазған.

Содан соң, көптеген сөздердің орысша қалай айтылып, жазылуы керектігін атап өтеді.

Мәселен, ол Беларусь атауын тек қана Белоруссия, Қырғызстанды Киргизия, Алматыны Алма-ата деп атау керектігін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1003991-tanymal-reseylik-bloger-alma-ata-atau.html