RU

АҚШ-та егіздер екі түрлі жылы дүниеге келді

АҚШ-тың Сан-Диего қаласында қызық жағдай тіркелді.

Мұнда Валенсия есімді қыз бала 31 желтоқсанда 23:59-да, ал оның сыңары араға небәрі 2 минут салып, 1 қаңтарда туылса керек.

Егіздердің әкесі «бұл нағыз жаңажылдық сыйлық болды» деп әзілдейді. Өйткені жоспар бойынша, оның әйелі қаңтардың аяғында ғана босануы тиіс еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1004154-aqsh-ta-egizder-eki-turli-zhyly-duniege-k.html