RU

Қарбызды қабығымен жеген бала ғаламторда жұлдызға айналды

Австралияның Мельбурн қаласында крикет матчында көрермендер трибунасында отырған бала өзінің ерекше тәбетімен көзге түсті.

Тони Шибечи деген радиожүргізушінің Митч атты ұлы спортшылардың ойынын тамашалаумен қатар матч біткенше үлкен қарбызды қабығымен бірге жеп қойды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

Куәгерлер оның қарбызды жеп жатқанын камераға түсіріп алған. Ол ғаламторға түскен бетте бала жұлдыз болып шыға келді.

Қазіргі уақытта бірқатар телеарналар баланы өз бағдарламаларына қатысуға шақырып жатыр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1004197-qarbyzdy-qabyghymen-zhegen-bala-ghalamt.html