RU

Ресей тұрғыны Путиннен Стамбулды Ресей қатарына қосуды сұрады

Ресей тұрғыны әлеуметтік желіде президенттен Түркияның Стамбул қаласын Ресей құрамына қосуды сұрады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Әлеуметтік желіде «N А-ва» деген атпен тіркелген Мәскеу тұрғыны Стамбул Ресейге тиесілі қала деп санайтынын жасырмаған.

«Орыстар – құдайдың сүйікті халқы. Ал бұлар кімдер? Ешкім емес. Сондықтан, Стамбул Ресей құрамына өтуі керек, ал, православтардың киелі жерлерін мұсылмандардан азат ету халықты ұлт көшбасшысы төңірегіне топтастырады», - деген ол.

Сондай-ақ, ол Константинопльді қайтару туралы ақырғы сөзді Орыс-православ шіркеуінің патриархы Кирилл айтуы керек деген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1004228-resey-turghyny-putinnen-stambuldy-res.html