RU

Оралда автобус жүргізушілері жол бойында төбелесіп қалды (видео)

Орал қаласында жолаушылар автобусының жүргізушілері төбелесіп қалды.

Бұл туралы «Мой Город» порталы хабарлады деп жазады Қамшы порталы.

Төбелес №2 бағыттағы автобус жүргізушілері арасында болған.

«Біз «Қазақ»ықшам ауданында келе жаттық. Қарсы бағытта тағы бір осы 2-бағыт автобусы жолығып, жүргізушілер терезеден бір-біріне ұрыса бастады. Бір кезде екеуі де көліктен түсіп, төбелесіп кетті», - дейді жолаушылардың бірі.

Төбелескен жүргізушілерді жолаушылар ажыратып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1004338-oralda-avtobus-zhurgizushileri-zhol-boy.html