RU

Ресейлік азамат "Ислам мемлекетіндегі" "құл саудасы" туралы айтып берді

Өздерін «Ислам мемлекетіміз» деп атаған террорлық топ арасында жылға жуық уақыт бірге болған Рустам Топсултанов LifeNews ақпарат орталығына берген сұхбатында «құл саудасының» қалай өркендеп жатқанын айтып берген.

Бұл туралы muslim.kz жазады.

35 жастағы Рустамның айтуынша, құл саудасының көрігін көбіне басып алған аумақтағы қолға түскен әйелдер мен жас балалар қыздыра түсетін көрінеді. Олардың бағасы сырт келбеті мен жасына қарай әртүрлі болады.

Мысалға, әйел көрікті болатын болса, қара базарда олардың құны 10 000 долларға дейін шарықтайтын көрінеді. Ал, қатардағы қарапайым әйелдер бар болғаны 100 долларға саудаланып кете барады.

Айта кетейік, ИШИМ қатарында жылға жуық болған Рустам Товсултанов қазір Ресей еліне қайта оралып, сот шешімін күтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1004368-reseylik-azamat-islam-memleketindeg.html