RU

Дәрігерлер боранда толғағы басталған астаналық келіншекті босандырып алды

Қарағандылықтар ақтүтек боранда қар құрсауында қалған жолаушыны құтқарды.

Жүкті келіншек елордадан Шымкентке бет алған. Жолда толғағы басталған Астана қаласының тұрғынын қарағандылық дәрігерлер облыстық перинаталдық орталыққа дереу жеткізген.

Жедел көрсетілген көмектің арқасында Шолпан Сәрсенбаеваның аман-есен жаны қалып, қол-аяғын бауырына алды. Дүниеге Нұргүл есімді қыз бала келді. «Ана мен баланың жағдайы жақсы», - дейді дәрігерлер. Жас ана ақхалаттылар мен құтқарушыларға ризашылығын білдірді.

"Жедел жәрдем қызметі дереу келіп, мені осы перинаталдық орталыққа алып келіп, осы жақта аман-есен босандым. Дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін", - дейді  Астана қаласының тұрғыны Шолпан Сәрсенбаева.

"Біз барлық аналарға ескерту жасаймыз. Босанар алдында алыс жолға шығуға болмайды. Қазіргі уақытта біздің перинаталдық орталықта аудан, қалалардан келіп босанып жатқан аналар көп. Біз оларды үйлеріне қайтармай отырмыз. Себебі ауа райы қолайсыз, боран. Өмірлеріне қауіп төнуі мүмкін", - дейді облыстық перинаталдық орталықтың директоры Сәуле Аманбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1004439-darigerler-boranda-tolghaghy-bastalgha.html