RU

Астролог: Путин түйе жылы «құлайды»

Украинаның Одесса қаласында тұратын Влад Росс – жеке адамдардың жұлдыз-жорамалын құрастырумен ғана емес, саяси оқиғаларды да болжаумен танылған астролог.

Ол Азаттыққа жаңа жылға арналған болжамдарымен қатар Ресей президентінің билігіне қатысты да өз болжамымен бөлісті.

"Оны ұлықтау рәсімі ешқандай проблемасыз өтті. Жалғыз білетінім, Заратуштра заманындағы күнтізбе бойынша түйе жылы қайта айналып соғатын әр 32 жыл сайын [Ресейде] биліктегі адам орнынан кетіріледі. 1921 жылы, яғни түйе жылында Ленинді биліктен іс жүзінде тайдырып, Горкиге жіберді, ол шамамен көктемде – наурыз айынан алжаса бастаған. Оған 32 жылды қоссақ, 1953 жыл шығады. Тағы да наурыз айында Сталин қайтыс болды, мүмкін өз ажалынан емес шығар. Діни семинарияда оқып жүргенде «ажалың кісі қолынан болады» деген болжамнан кейін ол көлеңкесінен қорқатын болған. Елдің саясаты сол сәттен бастап күрт өзгерді. 1953 жылға 32 жылды қоссақ, 1985 жыл шығады. Бұл жылы да ел саясаты күрт өзгеріске ұшырап, наурыз айында билікке Горбачев келді. Оған 32 жылды қоссақ, Ресей саясаты тығырыққа тірелетін 2017 жыл – Заратуштра күнтізбесі бойынша тағы түйе жылы", - дейді астролог.

Сонымен бірге Влад Росс 2017 жыл Путин үшін ең қауіпті жыл екенін де ескертіп қойды.

"Ал наурызда Путиннің билікте қалу-қалмасы белгілі болады. Ол билікке 1999 жылы 9 тамызда – күн тұтылғанда келгендіктен, оның екінші циклы бар. Ал 11 тамызда күн сұмдық тұтылып, бүкіл Еуропаға көрінген. Ол шынымен де Ресей тағдырына ықпал ететін кармасы мықты билеуші. Оның тағдыры 18,5 жылда шешілуі тиіс. Егер 1999 жылдан бастап санасақ, күн тұтылу циклы тағы қайталанатын 2017 жыл шығады екен. Яғни, күнтізбелік циклдың екі көрсеткіші бойынша, 2017 жыл Путин үшін ең қауіпті жыл екенін көреміз. Әрине, ол сарай төңкерісінен де қорқуы тиіс, тіпті өміріне қастандық жасалуы мүмкін. Әдетте мұндай жағдай әсіресе наурызда болады. Неге екені белгісіз, бірақ Черненко да, Сталин де наурызда қайтыс болды, Ленинді Горки кентіне наурызда жіберді. Осындай қызық үрдісті байқауға болады. Сондықтан 2017 жыл Ресейге үлкен бетбұрыс әкелетін жыл болмақ. Бірақ, 2016 жылы Путин үшін тамаша жыл болады. Жұрт күткендей әрі Путин уәде еткендей, заман жақсармайды, керісінше, бәрінің қиюы кетіп, доллар бағамы 100 рубльге жетеді, мұнай арзандап, 25 долларға дейін құлдырайды, зейнетақы мен жалақыны индекстеу тоқтайды", - деп сөзін түйіндеді Росс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1004494-astrolog-putin-tuye-zhyly-qulaydy.html