RU

Алматыда жаңа жылдық шырша өртеніп кетті (фото)

Алматыда жаңа жылдық шырша өртенді. Бұл туралы Қазақпаратқа қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

«5 қаңтарда сағат 06.26 кезекшілік қызметке әл-Фараби және Навои көшелерінің қиылысында орналасқан жаңа жылдық шыршаның отқа оранғаны жайлы хабар келіп түсті. Бірінші бөлімше оқиға орнына сағат 06.34-те жетті, сағат 06.50-де өрт толық жойылды», - деп хабарлады С.Баймұхамбетова.

Оның ақпаратынша, алдын ала болжам бойынша жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрт сақшыларының уақытында келуінің арқасында шыршаның жартысы аман қалды. Өрттің шығуына жаңбырдың салдарынан туындаған сымдардың тұйықталуы себеп болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1004598-almatyda-zhanha-zhyldyq-shyrsha-ortenip-ke.html