Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ХІХ-ХХ ғғ. қазақ әйелдерінің келбеті қандай болды? (ерекше кадрлар)

Опубликовано:

Азамат Битан есімді блогер өткен ғасырлардағы қазақ әйелдерінің тұрмысын бейнелейтін ерекше кадрларды жариялады.

"Алаштың заңғар жазушысы Мұхтар Мағауин: «Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, ердің көркі», – деп жазғанындай, біздің мемлекетіміздің бүгінгі жетістіктері мен бай-қуаттылығы сондай салиқалы аналарымыздың дұға-тілек, үміт пен сенім, амал-әрекетінің жемісі десек, онымыз асылық болмас", - деп жазады автор.

Суреттердің көп бөлігі Ресей Ғылым академиясының Петр атындағы Антропология және этнография музейіне тиесілі.

Материал авторының жазуынша, тарихи суреттерді әлеуметтің назарына ұсынудағы мақсат - тарихи санамыздың жаңғыру, жаңару мәселесіне тамшыдай болса да өз үлесін қосу екен.

Шығыс Қазақстан өңірі (Семей), 1899 жылы түсірілген суреттер:

Шығыс Қазақстан өңірі (Семей), 1927 жылы түсірілген суреттер:

Шығыс Қазақстан өңірі (Семей), 1929 жылы түсірілген суреттер:

Келесі фотосуреттерден жас қыздар мен қарт аналарымыздың киім кию мәдениетінің сан алуан болғанын байқауға болады. Өзбекстанның Науаи облысы Тамды ауданында өмір сүрген қазақтар, оның ішінде Адай руынан шыққан әйел кісілер.

Өзге де өңірлерде түсірілген тарихи суреттер:

Балаларымен бірге суретке түскен қазақ әйелдері. ХХ ғасырдың басы, Павлодар

Қызылорда, ХХ ғасырдың басы

Киіз үйде шай ішіп отырған отбасы. Қызылорда, ХХ ғасырдың басы

1931 жыл. Қанды саясаттың салтанат құрып тұрған шағы болса да қазақ әйелдері салт-дәстүрінен ажырай қоймағаны адамды ерекше күйге бөлейтіндей…

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1004737-khikh-khkh-ghasyrlarda-qazaq-ayelderininh-k/

pixel