RU

Ерлерден кем түспейтін отандық нәзік жандылар

Бүгінде нәзік жандылар өздерінің айтарлықтай әлжуаз еместігін, ерлерден еш кем түспейтінін дәлелдеп жатыр. Бойжеткендердің, тіпті ер азаматтарды артта қалдырып, өз шеберліктерімен талайды тәнті еткен кездері де баршылық.

NUR.KZ порталы ZTB.kz-ке сілтеме жасап ең есте қаларлық отандық нәзік жандылардың тізімін назарларыңызға ұсынады.

Жолды реттеуші бойжеткен

Бұл бойжеткен жол ережесін әйелдер де жақсы білетінін дәлелдеп берді. Видеодан ару қолына журнал ұстап, кептелісте тұрған көліктердің қозғалысын реттеп тұрғанын көруге болады. Алматының Мақатаев және Наурызбай батыр көшелері қиылысында осылай жұрт көзіне түскен бойжеткен желіде жұлдызға айналды. Көпшілік аруды "жол патшайымы" деп атап кеткен.

Павлодарлық боксшы қыз бала

Өзінің бокстағы шеберлігімен Головкин ғана көзге түсіп жүрген жоқ. Қазақстандық бокшсы қыз туралы тұрғындар алғаш рет 2012 жылы білді. Қыз баланың әкесі 5 жасар қызын жаттықтырған сәтінен видеоны Қазнетке жүктеп, 3 жылдан соң балақай әлемге де таныла бастаған. 8 жасар Эвника Сәдуақасованың таңғаларлық жылдамдығы көпшілікті тәнті еткен. Қыз бала минутына 100 рет соққы жасай алады.

Қызын жаттықтырып жүрген әкесі Руслан Эвниканың болашағы жарқын болатынына сенімді.

Бойжеткен АК-74 қаруын 7 секунд ішінде шашып тастады

Оқушы қыздың суық қаруды шебер қолдана алатынын байқататын видео Instagram желісінде танымалдыққа ие болды. Бірнеше сағаттың ішінде 10 мыңнан астам рет қаралған видеода бойжеткен қаруды 7 секунд ішінде шашып тастайды.

Бүркітші қыз

Аңшылықты нәзік жандылар игере алмайды дейтіндерге тойтарыс берген Мақпал Әбдіразақова бүгінде Қазақстандағы жалғыз бүркітші қыз атанған. Қарағанды облысының тумасы бүркітпен аңшылыққа 11 жасынан бастап шыққан. Бойжеткен Астанада өткен халықаралық жарыста шетелдік сарапшылардың да таңдайын қақтырыпты.

Ралли-марафонына қатысушы ару

Қазақстандық Евгения Нестерова көлік айдауды ғана емес, онымен жоғары жылдамдықта жүйткуді де үйреніп алған. Africa Eco Race'16 жарысында және Taklimakan Rally 2015 ралли-рейдінде тұңғыш нәзік жанды қатысушы атанған бойжеткен, тіпті халықаралық аренаға да шығып үлгереді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1004813-erlerden-kem-tuspeytin-otandyq-nazik.html