RU

Жезказғандық жігіт бойжеткенге Париждегі Эйфель мұнарасында ұсыныс жасады

Жезқазғандық жігіт сүйіктісіне романтикалық ұсыныс жасады. Париждің Эйфель мұнарасында жүзік ұсынған жігіт бойжеткеннің жүрегін елжіреткен.

Instagram-дағы dubsmash_kaz парақшасында жарияланған видео бірнеше күн ішінде 17 мыңнан астам лайк пен 1200 пікір жинаған.

Видеодан Эйфель мұнарасының ғимаратында тұрған жігіт бойжеткеннің алдында тізерлеп, жүзікті ұсынғанын көруге болады. Күтпеген ұсыныстан көзіне жас алған ару "иә" деген жауап қайтарып, сақинаны саусағына таққызады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1004869-zhezkazghandyq-zhigit-boyzhetkenge-pari.html