RU

2015 жылды суреттейтін ең жарқын фотолар

2015 жылды суреттейтін әлемнің әр түкпіріндегі ең жарқын фотолар тізбегін NUR.KZ порталы  Esquire-ға сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

Палестиналық демонстранттың Билиндегі израильдік әскерилермен қақтығысқан сәті. Палестина, 5/01/2015 Reuters

Charlie Hebdo сатиралық журналының 7 қаңтардағы террорлық шабуылдан кейінгі соңғы саны. Журнал мұқабасында тағы да Мұхаммед пайғамбар бейнеленіп, "Бәрі кешірілді" деген жазба жарияланған. Журналдың соңғы саны 3 млн тиражбен шығып, бірнеше минуттың ішінде толықтай сатылып үлгерді. Франция, 14/01/2015

Оққа ұшқан Донецк аймағындағы тұрғын. Украина, Донецк, 9/02/2015.

Ислам мемлекетінің жауынгерлері (ISIS) тұтқынға алынған мысырлық христиандарды жазалау үшін әкетуде. 21 ер кісіні жазалаған видео желіде тарап, содан кейін мысырлық ұшақтар Дерна қаласын бомбалайды. Ливия, 16/02/2015, REUTERS

Дәстүрлі кәріс киімін киген қыз бала екі елді ажыратып тұрған қоршаудың маңында тұр. Сол арада оның ата-анасы солтүстіккореялық аймақтағы қаза болған отбасы мүшесін жерлеуге әзірленуде. Оңтүстік Корея, 19/02/2015, REUTERS

Қаралы тақта маңында балықшы 2011 жылдың 11 наурызында қаза болған өзге балықшының есіміне қолын тигізуде. Бүгінде Жапония цунамиден қаза болған құрбандарды тұрақты түрде еске алып отырады. Сендае, Мияги префектурасы, Жапония, 11/03/2015, REUTERS

Балақай батпаққа толы балалар алаңында ойнап жүр. Наурыздың аяғында Чилиді су басып, толассыз жаңбыр жауған. Чили, Сан-Антонио, 8/04/2015, Reuters

Қазақстандық пулеметші Алматыдағы Іле полигонында өткен "Дала бүркіті - 2015" әскери оқулары кезінде жақындары берген гүл шоғын ұстап тұр. Қазақстан, Алматы, 17/04/2015, Reuters

Рефьюджио Стейт Бич жағалауындағы мұнай дақтары. Сейсенбі күні Калифорния жағалауында құбыр желісі жарылып, 79,000 литр мұнай мұхитқа төгілді. АҚШ, Калифорния, 20/05/2015, Reuters

Әйел өзін күн тиюден қорғау үшін бетін тұмшалап келе жатыр. Апта ішінде Үндістанда 47 градустық қатты аптаптан 1370-ке жуық адам қайтыс болды. Үндістан, Чандигарх, 28/05/2015, Reuters

Сьюдад-Хуаресте балақайлар "Абырой парадының" қатысушыларын қолдауға келіп, көлік үстінен қарап тұр. Мексика, 22/06/2015, Reuters.

Алматыда ер кісі валюта бағамының таблосына жақын жерде ұялы телефонмен сөйлесіп тұр. Бүгін Қазақстанда теңге өз құнын төрт есеге жоғалтып, ел экономикасына нұқсан келтірді. Қазақстан, 20 тамыз 2015 жыл, REUTERS

Сириялық босқын қыз баланың Грекия мен Македония шекарасында қатты жауыннан әлсіреп, айқайлаған сәті. Грекия, 10.09.2015, Reuters

Мигрант ер кісі ұлын көтеріп, шекараның арғы бетін көрсетуде. Сейсенбі күні венгрялық билік шекараны жауып, оны заңсыз кесетіндерді түрмеге қамайтынын ескертті. Сербия, Хоргош, 17.09.2015, Reuters.

Палестиналық наразылық білдіруші израильдік әскерлерге Бейт Эль аймағында тас лақтыруда. Билік өкілдері сол жексенбіде әскерилер Иордан өзені маңында палестиналықты өлтіргенін мәлімдеді. Палестина, Рамалла, 5.10.2015, Reuters.

Анкарадағы жарылыста қаза болған нан сатушыға тиесілі аяқ киім. Түркия. 12.10.2015, Reuters.

Украина президенті Петр Порошенко және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы кездесу кезінде. Алматы, Қазақстан, 6.10.2015, Reuters

Франция президенті Франсуа Олланд және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Париждегі кездесу барысында.

Париждегі терактіден кейін аза тұту акциясы әлем бойынша жүзеге асырылды. 13 қарашадан 14-не қараған түні әр елдің тұрғындары Франция елшілігіне гүлдер әкелуге кірісті. Әлемнің әр түкпіріндегі маңызды тарихи және мемлекеттік ғимараттар Франция туының түсіне боялды.

Ресейлік бомбалаушының Су-24 түркиялық ӘӘК-мен құлатылған сәті. 24.11.2015

Бейжіңді ораған қалың түтін қабатынан зәулім ғимараттардың өзі көрінбей қалған. Өңірде соңғы бірнеше жылдың ішінде ауа ластануының ең жоғары деңгейі тіркелді. 30.11.2015

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1004912-2015-zhyldy-suretteytin-enh-zharqyn-fotolar.html