RU

Астанада 10 млн теңгеге салынған аялдама ақыры қирап тынды (фото)

Бұзақылар Астанадағы жылытылатын автобус аялдамасын қиратып тастады деп хабарлайды Алматы арнасы.

Белгісіз біреулер аялдама қабырғасындағы елорданың картасын жыртып, әйнектерін шағып кеткен. Бұл қылмысты кімнің жасағаны әрі не себепті мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.

Айта кетсек, жылы аялдамалар Астана қаласында былтырғы қазан айынан бастап пайда болды. Әрқайсысының құны 10 миллион теңгеден деп жазылған болатын.

Сол кезде қоғам белсенділері мұндай аялдаманың жұртқа қаншалықты қажеті бар деп шулаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1005087-astanada-10-mln-tenhgege-salynghan-ayaldam.html