RU

Лондон қаласының тұрғыны ДАИШ қатарында жүрген 4 жасар немересін танып қалды

Ұлыбритания арнайы қызметі ДАИШ терроршылары жасаған жаппай кісі өлімі түсірілген видеороликтегі кішкентай баланың кім екенін анықтады.

Бұл туралы Daily Telegraph хабарлады деп жазады ras.kz.

Терроршылар секілді киініп алған, британиялық акцентпен сөйлейтін бала, шамасы, кейін фанат исламшылға айналып, бұдан бірнеше жыл бұрын Сирияға кетіп қалған Лондонның бұрынғы тұрғыны Грейс Дейр деген келіншектің төрт жастағы ұлы Иса Дейр болуы керек. Баланы оның Лондонда тұратын атасы танып қалыпты.

Исаның анасы – 24 жастағы Грейс «Хадижа» Дейрдің тегі нигериялық, ол христиан отбасында тәрбиеленген. Бала кезінде католик мектебіне барыпты. Қазір туыстары келіншектің Интернет арқылы экстремистің уағыздың ықпалына түсіп кеткенін айтады.

Әлеуметтік желіде Грейс бірнеше рет өзінің «Ислам мемлекеті» терроршыларының қолдарына түскен кепілді өлтіретін бірінші британиялық әйел болатынын мәлімдеген екен.

Бұдан бұрын Британия арнайы қызметі ДАИШ терроршылары атып өлтірген бес британиялық азаматты жазалауға қатысқан бетперделі британ акцентті адамның кім екенін анықтау бағытында жұмыс жасалып жатқаны хабарланған еді. Осы ролик жексенбі күні жарияланды.

Роликте терроршылар Британия арнайы қызмет орындарымен байланыстары болғаны үшін бес адамды атып өлтірмек болғандарын баяндайды. Содан кейін видеожазба, терроршылардың мәлімдеулерінше, «Ақ үйдің құлы», Ұлыбритания премьері Дэвид Кэмеронға жолданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1005382-london-qalasynynh-turghyny-daish-qatary.html