RU

Карина Абдуллинаның әкесі Заур Абдуллин көз жұмды

"Мюзикола" тобының солисі Карина Абдуллинаның әкесі, опера әншісі Заур Абдуллин 4 қаңтар күні көз жұмды. Бұл туралы Карина Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Кеше қаңтардың бесіне қараған түні әкем өмірден озды. Ол ешкімге ұқсамайтын, сымбатты, дарынды, көзі ашық және елден ерек жан болатын. Оның болмысы мүлдем ешкімге ұқсамайтын. Өзге ғаламшардың өкілі секілді еді. Қош бол, Зёрик. Сені сағынамын...", деп жазды әнші жеке парақшасында.

Қаралы жағдайдан хабардар болған жанкүйерлер әншінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Карина Абдуллина кәсіби музыканттардың отбасында дүниеге келген. Анасы Ольга Львова Қазақстанға танымал пианист, әкесі Заур Абдуллин кәсіби баритон әнші, Абай атындағы опера және балет театрында қызмет атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1005407-karina-abdullinanynh-akesiopera-anshi.html