RU

Халықаралық ұйым малайзиялық ұшақты атып түсіргені үшін Ресейді айыптады

Жақында Халықаралық Bellingcat ұйымы мамандары малайзиялық МН17 ұшағын атып түсірді деген күдікке ілінген ресейлік офицерлерге қатысты жаңа деректерді шығарды деп жазады Abai.kz.

Аталмыш деректерге сүйенсек, Донецк қаласы маңында шабуылға ұшыраған Malaysia Airlines компаниясына тиесілі «Бойнг 777» ұшағының апатқа ұшырауына қатысы барлар тізімінде, Ресей қарулы күштері, 53-зениттік-зымырандық бригадасындағы 20 әскерінің есімі көрсетілген. Бұл туралы тәуелсіз Bellingcat зерттеу ұйымының деректеріне сілтеме жасай отырып, нидерландтық NOS телекомпаниясы хабарлайды.

Осы деректерге қатысты, тәуелсіз журналист, зерттеу ұйымы жетекшілерінің бірі саналатын британдық журналист Элиот Хиггинс пікір білдірген.

Естеріңізде болса, былтырғы жылы аталмыш Bellingcat ұйымы Украина территориясында орналасқан, ресейлік 53-зенитті-зымырандық жасаққа тиесілі «Бук» кешенінің бағыты туралы деректерді жариялаған болатын. Bellingcat деректеріне сүйенсек, дәл осы 53-бригаданың 2-батальоны «Бук» кешенін тасымалдау (Курск облысынан Донецкке) айналысқан. Батальонның негізгі құрамында 100 жауынгер болғанымен, Bellingcat ұйымы олардың тек 20-сының ғана есім-сойын анықтаған.

Ресейлік әскердің тізімін Сергей М бастайды. Бұл 53-бригада командирі болған. Элиот Хиггинстің пікірінше, аталмыш офицер малайзиялық MH17 ұшағының апатқа ұшырауына тікелей қатысы бар болуы мүмкін.

Bellingcat көрсеткен тізімде, тағы бір ресейлік командир – Дмитрий Т. есімі көрсетілген. Ол 53-бригаданың екінші батальонында командир болған. Сондай-ақ, аталмыш бригада мүшесі болған 9 лейтенанттың есімдері анықталған. Хиггинстің айтуынша, жоғарыдағы аттары аталған офицерлер 2014 жылдан бері қарай, 53-бригадада болған. Қалған фигуранттар арнайы дайындықтан өткен, «Бук» кешенін бағыттап, басқаруды жақсы меңгерген, тәжірбиелі жауынгерлер.

NOS агенттігіне берген сұхбатында, британдық журналист Хиггинс: «Олар біоді ғой. Жоғарыдағы аттары аталған офицерлер біледі.Нақты кімнің бұйрық бергенін және басқару тетікшесін кімнің басқанын олар жақсы біледі. Бұл адамдар туралы барлық деректер біздің қолымызда бар. Олардың фотосуреттері, жеке деректері мен өзгеде ақпараттар жетерлік», дейді.

Айта кетейік, 2014 жылы Украинаның Донеск қаласы маңында апатқа ұшыраған малайзиялық «Бойнг 777» ұшағына қатысты негізгі күдікті – Ресей қарулы күштері деп танылған. Кейін келе, Халықаралық сарапшылар мен түрлі ұйымдар жүргізген деректер – малайзиялық ұшақтың РФ Қарулы күштеріне тиесілі «Бук» зенитті-зымыран кешенімен атып түсірілгендігі анықталған.

NOS телекомпаниясы прайм-таймдағы эфирде, малайзиялық ұшақты атып түсірген фигуранттардың есімдерін тексеру жұмыстары әлі аяқталмағандықтан бүркеншек атпен көрсеткен.

Қазіргі таңда Bellingcat ұйымы 53-бригаданың 20 әскері туралы деректерді анықтаған. Зерттеу жұмыстарын Нидерланды, Германия, Польша, АҚШ, Франция және Бельгиядан, 11 ерікті маман жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, Амстердам қаласынан Куала-Лумпурға бағыт алған МН17 рейсі, 2014 жылдың 17-тамызы күні Донецк түбінде шабуылға ұшырап, 298 адам көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1005457-khalyqaralyq-uyym-malayziyalyq-ushaqty.html