RU

Қазақстандағы Өзбекстан елшісі тағайындалды

Икром Назаров Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Бұл туралы Өзбекстан СІМ хабарлады деп жазады Қазақпарат.

Бұл тағайындауға дейін ол Өзбекстан Республикасының Польшадағы істерінің уақытша сенімді өкілі және кеңесшісі болған.

Икром Назаров 5 қаңтар 2016 жылы Ташкенттен Алматыға аттанып кетті, деп атап өтеді Өзбекстан СІМ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1005656-qazaqstandaghy-ozbekstan-elshisi-tagha.html